Қатысушыларға маңызды ақпарат

2026 жылғы мамырға дейін тіркелген оқушылар марапаттарын мына сілтеме арқылы жүктей алады:

2023–05.2026 жж. іс-шараларға кіру

Жаңа оқу жылында қатысу үшін барлық қатысушыларға жаңа аккаунт ашу қажет.

Басты бетке оралу

Сұрақтар мен байланыс

Олимпиадаға тіркелу, қатысу және нәтижелер туралы жиі қойылатын сұрақтар. Жауап таппасаңыз — бізге хабарласыңыз.

Байланыс

Хат жазғанда ID-іңізді, оқушының тегі мен атын және олимпиада атауын көрсетіңіз — сонда жауап тезірек болады.

Телефон 8-7172-57-65-60 Электрондық пошта it@daryn.kz
Байланыс орталығының жұмыс уақыты Дүйсенбі — Жұма, 9:00 – 12:00

Telegram-бот

Сұрағыңызды Telegram-бот арқылы да жаза аласыз.

@games_daryn_bot
Телефон камерасымен сканерлеңіз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тіркелу және жеке кабинет

Тіркелдім, бірақ «Сіздің іс-шараларыңыз» тізімі бос
Аккаунтты тіркеу мен нақты олимпиадаға қатысуды растау — бөлек қадамдар. Тізімге тек «Қатысуды растау» батырмасын басқан олимпиадалар ғана түседі.
Олимпиадаға тіркелгенімді қалай білемін?
Жеке кабинеттегі «Сіздің іс-шараларыңыз» бөлімінде олимпиада атауы, өткізу күндері және «Тіркелді / Зарегистрирован» мәртебесі көрсетіледі. Олимпиада осы тізімде тұрса — сіз тіркелгенсіз. Мәртебе: Тіркелді / Зарегистрирован
Тіркелгеннен кейін сыныпты, оқу тілін немесе мектепті қалай өзгертемін?
Бұл деректерді олимпиаданың тестілеуі басталғанға дейін жеке кабинетте өзгертуге болады. Тестілеу кезінде өзгерту мүмкіндігі жабылады.
Тегім немесе атым қате жазылған
Сертификатқа жеке кабинетте көрсетілген тегі мен аты жазылады. Қате болса, жоғарыдағы байланыс арқылы жазыңыз — хатта ID-іңізді және дұрыс тегі мен атын көрсетіңіз.
ID-ді қайдан табамын?
ID жеке кабинетте, «Сіздің жеке деректеріңіз» бөлімінде көрсетілген. Бізге хабарласқанда әрқашан ID-іңізді жазыңыз.

Олимпиадаға қатысу

Қатысуды қалай растаймын?
Жеке кабинетте «Сіз төмендегі іс-шараларға қосыла аласыз» бөлімінде олимпиаданың жанындағы «Қатысуды растау» батырмасын басыңыз. Ақылы олимпиадада батырма төлем бетіне апарады.
Тестке қашан және қалай кіремін?
Олимпиада басталғанда жеке кабинеттегі «Сіздің іс-шараларыңыз» кестесінде «Бастау» батырмасы пайда болады. Өткізу күндері мен уақыты сол кестеде, «Прогресс» бағанында көрсетілген.
Олимпиада тізімде көрінбейді
Олимпиада тек белгілі бір сыныптарға арналған болуы мүмкін. Жеке кабинетте сыныбыңыз дұрыс көрсетілгенін тексеріңіз.

Нәтижелер мен сертификаттар

Нәтижені қайдан көремін?
Нәтижелер жарияланғаннан кейін «Сіздің іс-шараларыңыз» кестесінде «Нәтижені көру» батырмасы шығады. Ол арқылы сертификатты ашып, жүктеп алуға болады.
«Сіз тестілеуге қатысқан жоқсыз» деп тұр
Бұл жүйеде сіздің тест жауаптарыңыз тіркелмегенін білдіреді. Тестті тапсырдым деп ойласаңыз, ID-іңізді және олимпиада атауын көрсетіп, бізге жазыңыз.
Мұғалімді аккаунтқа қалай тіркеймін немесе мұғалім деректерін қалай енгіземін?
Мұғалім деректері аккаунтқа тіркелмейді. Оларды нақты олимпиада үшін, сол олимпиаданың нәтижелері жарияланғаннан кейін енгізуге болады.